СҚО-да жолаушы жол апатында көмек көрсеткен медбикені ұрып тастады

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатына түскен жандарға алғашқы медициналық қызмет көрсетпек болған медбикені жолаушының бірі ұрып тастады. Жаға ұстатарлық жағдай Шал ақын ауданында орналасқан «Чудесай» өзені маңында тіркелді. Жол жиегіне аударылып қалған «Lada» көлігінің ішінде бірнеше адам болған. Ал олардың барлығы ішімдік ішкені анықталды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының қызметкері көмек көрсетіп жатқан кезде 62 жастағы ер азамат оны жағадан алып, қол-аяғымен іш тұсына бірнеше мәрте соққы жасаған. Бұзақы 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
СЕРГЕЙ ТАБАРИН, ПД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша сезікті аса ірі көлемде айыппұл арқалуы немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзір сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал