Қарағандылық тұрғындар алаяқтарға жыл басынан бері 2 миллиард теңгені өз қолымен ұстатып жіберген. Алаяқтар біресе банк қызметкері болып хабарласса, енді бірі полиция, дәрігер, тіпті курьер ретінде таныстырған. Тұрғындар құпия кодты айтып, ақшасынан қағылған. Жыл басынан бері 762 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Оның 324-і – жалған банк қызметкері мен түрлі мекеме өкілдерінің атын жамылғандардың ісі. Тағы 314 адам оңай табысқа сеніп, жалған инвестицияға ақша салған. Бұдан бөлек, дропперлікке қатысты 44 жағдай анықталған. Мамандардың ескертуі біреу-ақ. Телефонның арғы жағындағы адамға ешқашан мәлімет бермеңіз.
ДІНМҰХАМЕД ЗИЯДА, ПД АСА МАҢЫЗДЫ ІС ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
–Дропперлікке қатысты 13 қылмыстық іс сотқа жолданып, сот шешімі шықты. Заңға сәйкес, жаза 160 айлық есептік көрсеткіштегі айыппұлдан бастап, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Бұл адамның қылмысты қасақана жасаған-жасамағанына байланысты анықталады. Сондықтан ешбір жағдайда банк шотын үшінші адамға бермеңіздер. Тіпті мұндай өтінішті жақындарыңыз жасаса да.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.