Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына дайындықтың негізгі кезеңдерін жариялады. Кеше дауыс беру күні белгіленді. Ал бүгіннен бастап саяси партиялардың кандидаттар тізімін ұсыну науқаны өтеді. Бұл шара 13 шілдеге дейін жалғасады. Ал 23 шілдеде партиялық тізімдер тіркеледі. 11 шілдеге дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен олардың орналасқан жері жариялануы тиіс. 16 шілдеге дейін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекарасы және олардың мекенжайы туралы ақпарат көпшілікке ұсынылады. 23 шілде мен 22 тамыз аралығында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 2 тамызда сайлаушылардың тізімі учаскелік сайлау комиссияларына беріледі. Ал 7 тамыздан бастап азаматтар өз деректерін сайлаушылар тізімінен тексере алады. 22 тамыз – «Тыныштық күні». Ал Құрылтай депутаттарына дауыс беру 23 тамызда өтеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.