Құрылтай сайлауына жеті партия қатысады

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыса алатын саяси партиялар тізімін бекітті. Бұл – «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», «Байтақ», «Қазақстан халық партиясы», «Respublica», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Дауыс беру күні ел бойынша он жарым мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның тоғыз мыңнан астамы азаматтардың тұрғылықты жерінде, 640-қа жуығы уақытша орындарда ашылады. Ал шетелдегі қазақстандықтар үшін 64 елде 82 сайлау учаскесі ұйымдастырылады. Сайлау комиссияларының жұмысына 71 мыңнан астам адам тартылады. Алдын ала тізімге 12 миллион 561 мыңнан астам сайлаушы енгізілген. Азаматтар өздерін сайлаушылар тізімінен онлайн сервистер немесе әкімдіктердің call-орталықтары арқылы тексере алады.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал