Биыл 124 теміржол вокзалы жаңғыртылады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жаңғыртылады. Төрт жоба Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатыр. Екеуі толық іске қосылды. Қалғандары осы айдың соңында аяқталады. Солардың бірі – 110 жылдық тарихы бар Семиглавый Мар бекеті. Іргесі 1916 жылы қаланған ғимарат заманауи талапқа сай бой көтерді. Жолаушыларға шойын жол арқылы қауіпсіз қызмет көрсетуге барлық қажет жағдай жасалынған. Жоба құны – 320 миллион теңге. Қаражат Республикалық бюджеттен бөлінді. Бұл бекет арқылы аптасына үш рет Алматы – Саратов бағытында жолаушы пойызы қатынайды. Нысанның жаңғыртылуы жолаушылар үшін қолайлы. Облыс экономикасы мен логистиканы дамытуға тың серпін бермек. Биыл өңірдегі 420 мыңға жуық жолаушы қызметті пайдаланған. Жүк тасымалы 5 миллион тоннадан асқан.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал