ШҚО-да тау шипажайларына апаратын автожолдар жөнделіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында өңірдегі тау шипажайларына апаратын 100 шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр. Биыл алғаш рет Катонқарағай ауданындағы «Рахман қайнары» шипажайына баратын күрделі тау жолдары мен ирек жолдарға асфальт төселуде. Құрылысшылар тік жартасты беткейлерде жұмыс істеп, жол жиегін нығайтып, жаяу жүргіншілер жүретін бөлігін кеңейтіп жатыр. Мамандар Берел өзені арқылы салынатын көпірді ең күрделі инженерлік нысандардың бірі деп бағалайды. Жаңа көпір ескі ағаш аспалы өткелдердің орнына салынып, туристердің бірегей биік таулы Язевое көліне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
ӘДІЛЕТ ЖАМПЕЙІСОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Өткен жылы жолдың ені төрт метрден сегіз метрге дейін кеңейтілді. Сонымен қатар 23 су өткізгіш құбыр орнатылды. Биыл да жұмыс жалғасады. Бес шақырым учаскеде құм-қиыршықтас қоспасын қосу арқылы жол түзетілді. Қара қиыршықтастан жол жабыны төселіп жатыр.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал