Қарағандыда алғаш рет екі бірдей тауыс құсының бейнесі орнатылып жатыр. Тауыс құсының сәнді қауырсыны гүлмен көмкерілген. Көздің жауын алады. Осы қаланың ең қарқынды жолайрығындағы айналма жол әр жылдары түрлі бейнемен безендіріліп келеді. Бір кезде мұнда жылқы мен бұқаның мүсіні тұрды. Ал енді айналмаға жарқын түсті тауыс композициясы қойылды. Мамандардың айтуынша, бұл аумақтың астымен қаланың ең ірі су құбыры торабының бірі өтеді. Сондықтан жөндеу жұмыстары жиі жүргізіледі. Әр жөндеуден кейін аумақ қайта абаттандырылған.
РУСЛАН НҰРӘЛИЕВ, САЯБАҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:
— Тауыс – сұлулықтың, сән-салтанаттың символы саналатын ерекше құс. Біз осы арқылы қаланың сәулетіне көрік беріп, жаңа сәндік элемент енгізуді мақсат еттік. Бұған дейін Қарағандыда мұндай композиция орнатылған емес. Сондықтан тауыс құсын таңдадық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.