Қарағандыда асфальт төсеп жатқан ауыр техника сол жердегі жұмысшылардың бірін басып кетті. Ауыр жарақат алған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай қала орталығындағы көшенің бірінде болды. Ескі асфальтты алып, орнына жаңасын төсеу енді басталған учаскеде 62 жастағы жол катогының жүргізушісі кері шегініп келе жатып, 53 жастағы әріптесін басып жаншып өткен. Күдіктіге елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігі яғни, «Еңбектің қорғау қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.