Қостанай облысында лагеріндегі асханадан ішек таяқшасы бактериясы анықталды

Қостанай облысындағы «Светофор» балалар лагеріндегі асханадан ішек таяқшасы бактериясы анықталды. Демалыс орнының бүгінгі жағдайы елдің жағасын ұстатты. Балалар түсірген бейнежазба әлеуметтік желіде желдей есіп, қоғамның наразылығын тудырды. Кадрлардан санитарлық талаптың мүлдем сақталмағанын көруге болады. Әжетхана толып, нәжіс еденге ағып жатыр. Ата-аналардың шағымынан кейін жоспардан тыс тексеру жүргізген мамандар өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Міндетті медициналық тексерумен гигиеналық дайындықтан өтпеген 9 асхана қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді. Сонымен қатар жатын бөлмелерде тазалық жұмыстары жүргізілмеген. Корпустарда кәріз жүйесі мен су жылытқыш істен шыққан. Бүгінде 500 балаға арналған лагерь жұмысын тоқтатты. Лагерьде қайта тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Егер анықталған кемшіліктер толық жойылмаса, іс сотқа жолданады.
РАҒҰЛ ТӘЖЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЭБД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Тексеріске алынған сүртінділердің 50% ішек таяқшасы бактериясы табылды. Заң бұзушылықтарға байланысты жеке кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 346 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал