Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған жеке оқу орындарының құрылтайшысы сотталды. 52 жастағы әйел мүлдем оқымаған студенттерді тіркеп, олардың атына мемлекеттен қаржы алып отырған. Тіпті грантта оқығандардан «ақылы бөлімде білім алып жатырсыңдар» деген желеумен заңсыз ақша жинап, мемлекет бөлген оқу ақысы мен шәкіртақысын да иемденген. Бұған қоса, белгісіз азаматтарға колледждің атынан жалған құжаттар рәсімдеп, бюджет қаражатын заңсыз игерген. Тергеу мәліметінше, ол мемлекетке 1 млрд 300 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның бірнеше автокөлігіне, тұрғын үйлері мен пәтерлеріне, оның ішінде шетелдегі жылжымайтын мүлкіне де тыйым салынды.
СЫРЫМ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, СУДЬЯ:
— Оңтүстік Қазақстан Жоғары медколледжінде ақылы негізде оқыған студенттердің жалған бұйрықтары арқылы, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер ретінде есепке алынғаны анықталды. Яғни студенттер өздері білмеген. Ақылы түрде оқып жатырмыз деп ойлаған. Алайда оларға мемлекеттік грант төленген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.