Энергетика министрлігі Ресей тарапынан Қазақстаннан жанар-жағармай материалдарын жеткізу туралы ресми өтініш түспегенін хабарлады. Егер мұндай сұраныс түссе, онда отынды сату коммерциялық шарт негізінде қарастырылуы мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар әлеуметтік желісінде Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймағынан бейнежазба таралып, онда өзге елдің жүргізушілері Қазақстанға келіп жанармай құйып жатқаны көрсетіледі. Энергетика министрі бұл жағдайға қатысты жанармай құюға тыйым салынбағанын, бірақ белгілі бір нюанс бар екенін атап өтті.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
— Егер адам келіп, көлігіне зауытта орнатылған штаттық жанармай багына ғана жанармай құятын болса, оған ешқандай шектеу жоқ. Энергетика министрінің арнайы бұйрығы бар. Онда барлық талаптар нақты көрсетілген. Жанармай тек көліктің штаттық багына құйылуы тиіс. Ал қосымша немесе рұқсатсыз орнатылған бактарға жанармай құю заңсыз тасымалдау болып есептеледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.