Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына толық дайын екенін мәлімдеді. Ресми хабрламаларға сәйкес, олар бұл саяси науқан елдің жаңа конституциялық даму үлгісіне көшудегі алғашқы маңызды қадам болатынын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы сайлау өкілді демократия мен парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатыны айтылды. Еске салайық, кеше Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына жеті саяси партияның қатысатынын жариялаған болатын. Депутаттық мандат үшін «Әділет», «Ақ жол», «Ауыл», ЖСДП, «Байтақ», Қазақстанның Халық партиясы және Respublica партиясы бақ сынайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.