Еліміздің бірден үш облысында сел мен жер көшкіні қаупі жарияланды. «Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, аптап ыстық пен алдағы күндері күтілетін жаңбырға байланысты 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облысының таулы аймағындағы өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Алматы қаласында құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Олар таудағы өзендердің жағдайын тұрақты бақылап, су басу қаупі туындаған жағдайда жедел әрекет етуге дайын. Әзірге ешқандай төтенше жағдай тіркелген жоқ. Мамандар тұрғындар мен туристерге сақ болуға, әсіресе ауа райы қолайсыз кезде тауға шықпауға кеңес береді.
ГҮЛДАНА НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Өзен арналары мен сел қаупі бар учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Бөлімшелер Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы өзендеріндегі мониторинг бекеттерінен жағдай туралы сағат сайын ақпарат беруде. Сонымен қатар су ағынының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Ақсай өзенінің арнасы тазартылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.