12 жастағы күйші LRT-ға мінген жолаушыларға ерекше тарту жасады

«Тарлан-Астанада» таңмен таласа күй шалқыды. 30 күйді білетін 12 жастағы жасөспірім Әуежайдан мініп, «Адайды» әуелетті. Сосын «Балбырауын», «Әлқисса», «Көрөғұлы», «Қайран Шешем», «Алаш аманатын» орындады. Сонымен Нұрлы жолға дейін қанша күй тартып үлгерді? Жолаушылар қалай қабылдады?
ЖАННҰР САХИЕВА, ТІЛШІ:
— Шілденің алғашқы жексенбісі – Домбыра күні. Кәдімгідей мереке. Біз де қарап жатпайық дедік. Тарланға мініп, әуежайдан нұрлы жолға дейін күй орындаймыз. Кеттік!

ФАРИЗА МАҚСАТҚЫЗЫ, ДОМБЫРАШЫ:
— Әуежайдан – Нұрлы жолға дейін 12 күй орындадық. «Көрөғұлы», «Әлқисса», т.б. Оқушымды қолдау үшін таңмен ерте тұрып, сәнденіп, әшекейлерімді тағып келдім.

ЖАННҰР САХИЕВА, ТІЛШІ:
— Міне, Нұрлы жол стансасына келіп тоқтадық. Нұрасыл 12 күй орындады. Жолаушылар өзге ұлт болса да ұйып тыңдады. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра екенін таныттық. Домбыра күні құтты болсын!

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал