Қарағандыда асфальт төсеп жатқан техника жұмысшыны жаншып кетті | 03.07.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЛЫП ТЕХНИКА АЖАЛ ҚҰШТЫРДЫ
Ескі асфальт жаңарды. Ал қауіпсіздік қайда? Қарағандының қақ ортасында асфальт төсеп жатқан жұмысшы әріптесін жаншып өткен. Қылмыстық іс қозғалды

АСХАНА ЛАСХАНАҒА АЙНАЛДЫ
Қостанайда лагерь демалыс орны емес, күтпеген лабораториялық тексеріс алаңына айналды. Асханадан ішек таяқшасының бактериясы анықталып, лагерь жұмысы тоқтатылды.

ҚАҒАЗДАҒЫ БІЛІМ
Оқымаған адамды студент деп тіркеп, Шымкентте елді алдамақ болған алаяқ ұсталды. Ол бюджеттің 1 млрд 300 млн теңгесін қолды қылған. Колледж иесі 10 жылға сотталды.

АҢҚА КЕПТІРГЕН АПТАП
Аптап ыстыққа байланысты бірқатар өңірде орман өрті қаупі күшейді. Таразда тұрақты рейдтер жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады.

ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!
«Тарлан-Астанада» күй шалқыды. Жетінші арна тілшілері Әуежайдан Нұрлы жолға дейін 30-дан аса күй тартқан жас домбырашылармен бірге тәжірибе жасап көрді. Жолаушылар қалай қабылдады?
———————————————