Табиғи газға қол жеткізетін халықтың үлесі 80% жетеді

Алдағы он жылда елде газдандырылған ауыл көбейіп, табиғи газға қол жеткізетін халықтың үлесі 80 пайызға дейін өседі. Энергетика министрінің мәліметі бойынша, қазір ел халқының 64 пайызы, яғни 13 миллион адам көгілдір отын пайдаланып отыр. Биыл газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға арналған 40 жоба іске асады. Оның ең ірісі – «Есіл – Астана» магистральды газ құбыры. Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында жасалған меморандумның арқасында 2035 жылға қарай Астана, Көкшетау және Петропавл тұрақты газбен қамтылады. Солтүстік өңірлерге көгілдір отын жеткізудің жаңа бағыты ашылады.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал