Павлодарда студенттен де, жұмысшыдан да ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды. Олар қорқытып-үркітіп, жүйелі түрде «салық» салып отырған. Тінту кезінде полицейлер ақша, ұялы телефон, банк картасын және құжаттарды тапқан. Ал күдіктілер пайдаланған көліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Бопсалау бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ДИАС ҚАДЫРОВ, ПД ҰҚҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Бопсалау фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.