Атырауда қайын жұртын қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі өтпей қалды. Оған облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ғимаратында электр жарығының өшіп қалуы себеп. Өткен сот отырысында жаңа айыптау актісі оқылған еді. Бүгінге дейін тараптар сол айыптау актісімен танысуға тиіс болатын. Ал бүгін жарыссөз өтуі керек еді. Жарық қашан қосылып, сот процесі қашан жалғасатыны әзірге белгісіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.