Сайлауға қатысатын саяси партияларға арналған ақпараттық хабарлама

«Жетінші арна» – Қазақстандағы жетекші республикалық телеарналардың бірі. Ел аумағын толық қамтитын арна телевизиялық аудиториямен қатар, цифрлық кеңістікте де көшбасшылар қатарында. Аудитория үлесі бойынша («100 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер» панелі) 1-орынды иеленіп, прайм-таймда көшбасшылық орнын сақтап келеді.

Көрермен үлесі бойынша үздік 5 телеарна (100 мыңнан астам тұрғынды қамтитын панель – күні бойы):

  1. СЕДЬМОЙ КАНАЛ – 12.1%
  2. ПЕРВЫЙ КАНАЛ ЕВРАЗИЯ – 10.4%
  3. КТК – 10.1%
  4. 31 КАНАЛ – 10.1%
  5. QAZAQSTAN – 9.2%

Источник: K Research.  All 6-54.  Казахстан 100+.  07:00-25:00. 01.01-30.06.2026

Көрермен үлесі бойынша үздік 5 телеарна (100 мыңнан астам тұрғынды қамтитын панель – прайм-тайм):

  1. СЕДЬМОЙ КАНАЛ – 15.5%
  2. QAZAQSTAN – 10.4%
  3. АСТАНА – 10.3%
  4. 31 КАНАЛ – 10.2%
  5. КТК – 9.9%

Источник: K Research.  All 6-54.  Казахстан 100+.  18:00-24:00. 01.01-30.06.2026

Цифрлық платформалардағы «Жетінші арнаның» жалпы аудиториясы 8 миллионнан астам жазылушыны құрайды. Бұл арнаны Қазақстандағы ең ірі медиаресурстардың біріне айналдырып отыр.

Әлеуметтік желілердегі аудиториясы:

  • Instagram – 870 мың жазылушы;
  • TikTok – 2 млн;
  • YouTube – 4,5 млн;
  • Facebook – 555 мың;
  • Threads – 47 мың;
  • Telegram – 40 мың.

Арнаның эфир кестесі ақпараттық, қоғамдық-саяси және ойын-сауық бағдарламаларын, сондай-ақ сапалы фильмдер топтамасын қамтиды. Бұл әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы көрермендердің кең аудиториясын қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық хабар тарату – «Жетінші арнаның» негізгі бағыттарының бірі. Жаңалықтар күн сайын тікелей эфирде ұсынылады:

  • 09:30 – таңғы жаңалықтар;
  • 12:20 – күндізгі жаңалықтар;
  • 18:00 – қазақ тіліндегі кешкі жаңалықтар;
  • 19:30 – орыс тіліндегі кешкі жаңалықтар.

Телекөрілімнің жоғары көрсеткіштері, цифрлық кеңістіктегі ауқымды аудитория және көрерменнің үлкен сенімі «Жетінші арнаны» ақпаратты кең аудиторияға тиімді жеткізетін медиа алаңдардың біріне айналдырып отыр.

2026 жыл 23 тамызға белгіленген сайлауға қатысатын, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға «Жетінші арна» телевизиялық арнасында эфир уақытын ұсынудың «ЭРА» Телекомпаниясы» ЖШС жалпы шарттары

      «Жетінші арна» телевизиялық арнасының (бұдан әрі – Телеарна) меншік иесі – «ЭРА» Телекомпаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеген саяси партияларды сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарна эфирінен және Телеарнаның әлеуметтік желілерінен эфир уақытын ұсыну тәртібі, шарттары мен ақы төлеу мөлшері туралы хабардар етеді.

     Сайлау алдындағы үгіт жергілікті уақыт бойынша 2026 жыл 23 шілдеде сағат 18:00-де басталып, 2026 жыл 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады, тиісінше, Телеарна эфирінде және Телеарнаның әлеуметтік желілерінде үгіт материалдарын шығару көрсетілген кезеңде жүзеге асырылады.

     Телеарна эфир уақытын Телеарна меншік иесі мен саяси партия арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде және Телеарна бекіткен монтаждық кестеге сәйкес ұсынады. Бұл ретте монтаждық кесте жазбаша өтініш берілген күнге Телеарнада бар техникалық мүмкіндіктерге, яғни Телеарна эфир уақытының болжамды уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына сәйкес, үгіт материалдары эфирге шығуы тиіс болжамды күннен 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын әзірленеді.

     Үгіт-насихат материалдары Телеарна эфирінде және Телеарнаның әлеуметтік желілерінде мынадай форматтарда жарияланады:

      1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнероликтер (50 де 50 тең үлеспен);

      2) арнайы репортаждар;

      3) өзге де үгіт материалдары.

      Эфир уақытын ұсыну туралы шарт жасасуға саяси партияның Телеарна меншік иесі – «ЭРА» Телекомпаниясы» ЖШС Бас директорының атына жолдаған жазбаша өтініші негіз болып табылады.

       Үгіт-насихат материалдарының саны, хронометражы, эфирге шығатын болжамды күні мен уақыты жазбаша өтініште көрсетіледі, олар кейіннен шартта бекітіледі.

       Өтініш өтініштерді тіркеу журналында кезектілік тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің келіп түскен күнін бере отырып тіркеледі.

      Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

      1. партиялық тізімдердің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      2. саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3. шарт жасасуға уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

      Үгіт-насихат материалдарын Телеарна эфиріне орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен немесе өтініштер бір уақытта түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізудің тәртібі мен шарттарын Телеарна анықтайды.

      Жазбаша өтініш келіп түскен күн мен уақытта сұралып отырған уақыт ертерек өтініш білдірген басқа саяси партияға берілген жағдайда немесе техникалық мүмкіндіктер бойынша ұсынылуы мүмкін болмаса, Телеарна өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін басқа уақытты ұсынады.

      Үгіт-насихат материалдары Телеарнаға эфирге шығуы тиіс болжамды күннен 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын, HD форматында қатты дискіде немесе FTP сервері арқылы электрондық байланыс құралдарымен жеткізу жолымен ұсынылады.

     Үгіт-насихат материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуы тиіс.

      Үгіт-насихат материалдарын ұсынған саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

      Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ жасалған келісім шарттары мен міндеттемелері бұзылған жағдайда, үгіт материалдары эфирге шығарылмайды немесе бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Егер үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, жіктік және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруға итермелейтін, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса, Телеарна меншік иесі оларды эфирге шығарудан бас тартады.

     Телеарна меншік иесі үгіт материалдарында сайлауға қатысып жатқан басқа саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Саяси партия Телеарна меншік иесінің талабы бойынша бейнематериалдардағы жоғарыда аталған сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

      Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

      Үгіт-насихат материалдарын орналастыру құны:

  • сағат 07:00-ден 24:00-ге дейінгі уақыт аралығында эфирге берілетін бейнероликтер минутына 300 000 (үш жүз мың) теңге, ҚҚС-пен бірге;
  • арнайы репортаж – ұзақтығы 5 (бес) минуттан бастап, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың)теңгеден бастап, ҚҚС-пен бірге;
  • сұхбат – ұзақтығы 10 (он) минуттан бастап, 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңгеден    бастап, ҚҚС-пен бірге.
  • Арнайы репортаж бен сұхбаттың әрбір келесі 3 (үш) минуты үшін 300 000 (үш жүз мың)теңге мөлшерінде ақы алынады.
  • Телеарна эфиріндегі сайлауалды пікірсайыс форматындағы телевизиялық бағдарламаға қатысу құны – 7 100 000 (жеті миллион жүз мың) теңге, ҚҚС-пен бірге;
  • динамикалық баннерлер (плашкалар) – 10 (он) секундтан бастап, 80 000 (сексен мың) теңге, ҚҚС-пен бірге.

        Телеарнаның әлеуметтік желілерінде үгіт-насихат материалдарын орналастыру:

  • Instagram, Facebook-тағы пост – 200 000 (екі жүз мың) теңге, ҚҚС-ты қоса алғанда;
  • Instagram сторисіне – 100 000 (жүз мың) теңге, ҚҚС-ты қоса алғанда;
  • TikTok-тағы пост немесе сторис – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге, ҚҚС-ты қоса алғанда;
  • YouTube-тағы Shorts (@thesevenchannel) – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге, ҚҚС-ты қоса алғанда.

       Осы тізімде көрсетілмеген қосымша үгіт-насихат материалдарын орналастыру жеке тәртіпте талқыланады.

      Орналастыру құны Телеарнаны эфирлік, спутниктік, кабельдік желілер және интернет арқылы тарату мен қайта таратуды қамтиды.

     Орналастыру құнына Телеарнаны хабар таратудың барлық қолжетімді орталарында (эфирлік, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар және Интернет желісіндегі онлайн хабар тарату арқылы) тарату және қайта тарату кіреді.

     Жасалған шарт бойынша үгіт-насихат материалдарын Телеарнада орналастырғаны үшін ақы төлеу Телеарна меншік иесі ұсынған төлем шоты негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Жазбаша өтініштерді Телеарна меншік иесі 2026 жылдың 14 шілде мен 2026 жылдың 19 тамыз аралығында (қоса алғанда), демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 31-үй, 301-кабинет.

    Телефон: +7 (7172) 476 767 (ішкі нөмір 1020, ішкі нөмір 1164, ішкі нөмір 1004)

   Факсимильді және Интернет байланысы арқылы жолданған жазбаша өтініштер қабылданбайды.


ПРАЙС-ЛИСТ — ЖҮКТЕУ