Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс XXV съезі өтті. Онда Құрылтай сайлауына ұсынылатын үміткерлер тізімі ұсынылды. Жалпы партия 33 кандидатты бекітті. Осылайша съезде сайлауалды науқанына дайындық кезеңінің басталғаны жарияланды. Айта кетсек, биыл партияның құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай «20 белес» бағдарламасы таныстырылды. Онда реформалардың жиырма нақты бағыты қамтылғаны айтылды. Сондай-ақ партия алдағы сайлауда кемінде 10 пайыз дауыс жинауды мақсат етіп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.