Құрылтай сайлауы биыл 23 тамызда алғаш рет толыққанды пропорционалдық жүйе бойынша өтеді. Бұл жолы сайлаушылар жекелеген кандидаттарға емес, саяси партиялар мен олардың сайлауалды бағдарламаларына дауыс береді. Астанада арнайы алаңға жиналған сарапшылардың айтуынша, мұндай модель партиялардың жауапкершілігін күшейтіп, олардың сайлау кезінде берген уәделерінің орындалуына қоғам тарапынан бақылауды арттырады. Сонымен қатар жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай заң шығарушы билік мәртебесіне ие болып, заң жобаларын талқылау ашық әрі жария форматта жүргізіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.