Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмысты Бас прокуратура жүзеге асырады. Бүгінгі таңда мемлекетке 1,3 трлн теңгеден астам актив қайтарылды. Оның ішінде 1 трлн теңгеден астамы – ақшалай қаражат. Қайтарылған қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталуда. Еліміз бойынша жалпы құны 512,6 млрд теңгені құрайтын 443 нысанның құрылысы басталды. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, спорт нысандары, мәдениет объектілері және сумен жабдықтау жүйелері бар. Жаңа жобалар ірі қалаларда ғана емес, шалғай елді мекендерде де жүзеге асырылуда.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.