ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. Шешімді компанияның жалғыз акционері қабылдаған. Ол бұл қызметке 2025 жылдың шілде айында тағайындалған болатын.
Бұл күтпеген отставкаға дейін Үкімет отырысында түйткілді мәселе көтерілген болатын. Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол саласындағы транзиттік тасымал жоспарының қатты кешігіп жатқанына айрықша назар аударған. Үкімет басшысы бекітілген көрсеткіштерді уақытылы орындауда жеке жауапкершілікті қатаң еске салған. ҚТЖ соңғы жылдары жүк айналымын арттыру, вагон тапшылығын азайту, тариф саясатын жаңарту және транзиттік дәліздерді күшейту міндеттерін орындап келеді. Алайда жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы компания жұмысындағы түйткілдерді көрсеткен. Аталған салаға сын да күшейген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалды. Ол бұл қызметте алдыңғы басшы Талғат Алдыбергеновті алмастырды.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал