Лайк пен қаралым үшін өмірді қатерге тігу әдетке айналып барады. Соның бәрін әлеуметтік желіге арналған бірнеше секундтық ролик үшін жасауда.
Абай облысында мына 21 жастағы флорист қыз көліктің терезесінен денесін шығарып, қолына гүл себетін ұстап жарнамалық роликке түскен. Осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын қайталап бұзғандықтан, оған қатысты іс сотқа жолданды. Дәл осындай оқиға Жетісу облысында да тіркелген. 19 жастағы бойжеткен жарнамалық видео түсіру кезінде көлік терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысын жолға лақтырған. Әлеуметтік желіде жарияланған бейне полицияның мониторингі кезінде анықталып, оған қатысқандар да жауапқа тартылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.