Шымкентте енді қала тазалығын дронмен бақылайды

Шымкентте енді қала тазалығын дронмен бақылайды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен қала тазалығын бақылауға арнайы аппараттар қолданылды. Полиция қызметкерлері дрондардың көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтап, мегаполистің шалғай аумақтарын да жедел бақылауға алуда. Әуе мониторингі барысында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын арнайы орындарға емес, рұқсат етілмеген аумақтарға төгу деректері тіркелген. Мамандардың айтуынша, кейбір тұрғындар арнайы қалдық қабылдау алаңдары бола тұра, бос жатқан жер мен қала шетіндегі аумақтарды заңсыз қоқыс орнына айналдырып алған. Бүгінде дрондар тек қаланың шалғай аумақтарын ғана емес, адамдар көп шоғырланатын орындарды да тұрақты бақылап, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беруде.
ДАНАБАЙ ӘЛИЕВ, ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы ПД қызметкерлерімен тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Олар өз тиімділігін көрсетуде. Яғни, әуе арқылы құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп, бір тәулік ішінде абаттандыру қағидаларын бұзу, Тазалықты сақтамау және қоғамдық орындарды ластаудың 210 фактісі анықталды.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал