Жаз мезгілінде аптап ыстықтың әсерінен мұздықтар қарқынды ери бастайды. Салдарынан мореналық көлдердегі су көлемі көбейіп, сел жүру қаупі артады. Осыған байланысты Алматыдағы сел қаупі жоғары аумақтарда «Қазселденқорғау» мекемесінің бес биік таулы бақылау бекеті тәулік бойғы кезекшілікке кірісті. Мамандар көлдердің су деңгейін және қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін барлық өзгерісті үздіксіз бақылап отыр. Егер қандай да бір қауіп белгісі анықталса, ақпарат бірден төтенше жағдайлар қызметтеріне жеткізіліп, қажетті шаралар қабылданады. Мониторинг сел қаупі кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.
АНАТОЛИЙ КОЛЕСНИКОВ, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ МАУСЫМДЫҚ БАҚЫЛАУШЫСЫ:
— Жаз бойы, қыркүйек айының ортасына дейін №13 көлге тұрақты бақылау жүргіземіз. Су деңгейін, ауа мен судың температурасын, жауын-шашын мөлшерін қадағалаймыз. Сонымен қатар сифондар іске қосылған кезде су ағымының жылдамдығын өлшеп, барлық мәліметті тиісті қызметтерге жедел түрде жеткізіп отырамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.