Президент бірнеше кадрлық тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

Президент бірнеше кадрлық тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ал Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымды 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді. Сондай-ақ Президенттің Жарлығымен Берік Асылов Бас прокурор қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл орында 2022 жылдың наурызынан бері отыр.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал