Жаңа Ата заңның күшіне енуімен бірге 1 шілдеден бастап бірреттік өкілеттік мерзім туралы конституциялық норма күшіне енді. Бұл талап Жоғарғы Соттың төрағасына, Бас прокурорға, Конституциялық Соттың төрағасы мен судьяларына қатысты қолданылады. Осыған байланысты қоғамда қазіргі қызметін атқарып отырған лауазымды тұлғалардың өкілеттігі жаңа тәртіппен есептеле ме әлде олардың қайта тағайындалуына мүмкіндік бар ма деген сауал туындады. Бұл мәселеге қатысты Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық Соттың ресми түсіндірмесіне назар аударды.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Конституциялық Соттың түсіндірмесі аталған мәселеге нақты құқықтық жауапты ұсынады: бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға тағайындалған адамдарға ғана қолданылады. Құқықтық реттеудің бірізділік қағидатына сәйкес, бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты болады».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.