Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті Өскемендегі «Казцинк» компаниясының зауытында болған апаттың салдарын жариялады. Еске салсақ, биыл мамыр айында мырыш зауытында жарылыс болып, өндірістік цехтарға зақым келген еді. Сол кезде үш жұмысшы қаза тауып, шаң ұстайтын сүзгі қондырғылары істен шыққан. Экологтардың есебіне сәйкес, апат салдарынан атмосфераға шамамен 2,8 тонна мырыш шаңы таралған. Бұл көрсеткіштер кәсіпорын аумағынан және санитарлық-қорғау аймағында орналасқан экологиялық бақылау бекеттерінен алынған сынамалар негізінде анықталған. Қазір жағдайды тұрақтандыру үшін мырыш зауытының өндірістік қуаты 50 пайызға төмендетілді. Сонымен қатар «Казцинк» компаниясы қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 60 миллион теңгеден астам экологиялық айыппұл төлейді.
ФАРХАТ КНАСИЛОВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Кәсіпорын атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Есептеу әдісі бойынша айыппұл көлемі 60 миллион 550 мың теңгені құрады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.