Балабақшадағы жарақаттан кейін 4 жасар қыз мүгедек болып қалды | 08.07.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АНКАРА САММИТІ
Анкарадағы НАТО саммиті. Трамп талабы. Ердоғанның дипломатиялық ойыны және миллиардтаған келісім. АҚШ президентінің күтпеген мәлімдемесі әлем назарын Түркия астанасына аударды.

ОРЫНДАЛМАҒАН АРМАН
160 адам күткен сапар. Алматыда әрқайсысынан 1 млн теңге алып, шетелге жұмысқа орналастыруға ант еткен компанияға қатысты дау туды. Тұрғындарды бір жылдан бері құрғақ уәдеге тойдырған.

АПАТТАН КЕЙІНГІ ЕСЕП
«Қазцинк» зауытындағы апаттың зардабы жарияланды. Үш адамның өмірін қиған жарылыстан кейін ауаға тараған мырыш көлемі анықталып, кәсіпорынға қомақты айыппұл салынды.

ЛАЙК ҮШІН…
Абай облысында ролик түсіремін деп көліктің терезесінен шығып кеткен бойжеткен жауапқа тартылды. Контент үшін көшеге қоқыс лақтырған жетісулық қыз да айыппұл төледі.

ҚАРТТЫҚҚА ҚАРСЫ КАРАТЭ
Дәрі емес, каратэ. Солтүстік қазақстандық зейнеткерлер денсаулықты нығайтудың жаңа жолын тапты. Күндіз-түні шыныққан қариялар 70 жаста қара белбеу иегері атанды.
———————————————