Данияр Елеусінов тұтқынға алынды

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов тұтқынға алынды. Ол Астанада үш бірдей жол апатына себепші болды деген күдік бар. Оның үстіне, боксшы оқиға орынан қашып кеткен. Бірақ көп ұзамай ұсталды. Полиция дерегінше, ол масаң күйде көлік жүргізген. Олимпиада чемпионы өз кінәсін толық мойындады. Осы оқиғаға қатысты сот шешімі де шықты. Аталған бапқа сәйкес, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

АСТАНА Қ. ӘҚБ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫ:
«Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді. Сонымен қатар кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, жол-көлік оқиғаларының сызбаларымен, бейнежазбалармен, оқиғаға қатысушылардың түсініктемелерімен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен расталды».

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал