Ақтөбедегі адам өлтіру ісі: мәйітті үш күн үйінде сақтап, кейін қоқысқа апарған

Қоғамда үлкен резонанс тудырған Ақтөбедегі адам өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Төрт ай бұрын қаладағы мектептердің бірінің маңындағы қоқыс алаңынан ала сөмкеге салынған ер адамның денесі табылған болатын. Бұл іс бойынша 62 жастағы жергілікті тұрғын айыпталуда. Бүгінгі сот отырысында ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, әрекетін өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді. Тергеу мәліметінше, айыпталушы үйінде 55 жастағы танысымен бірге ішімдік ішкен. Кейін екеуінің арасында жанжал шығып, соңы пышақтасуға ұласқан. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қылмысты жасыру үшін айыпталушы мәйітті үлкен сөмкеге салып, үш күннен кейін шанамен қоқыс жәшіктеріне апарып тастаған. Мәйітті аула сыпырушы тауып алған. Қазір сот іс материалдары мен ұсынылған дәлелдерді зерттеп жатыр. Егер айыпталушының кінәсі дәлелденсе, оған 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
МАДИНА ТАСМАҒАМБЕТОВА, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
— Аймұқатовтың қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан жәбірленуші Ермұқатов қаза болған. Сөйтіп, сотталушы Аймұқатов «Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, яғни ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал