Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Қайын атасы мен енесін, әйелінің екі бауырын өлтірді деп айыпталған күдіктіні мемлекеттік айыптаушы өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы төрт адамды қасақана өлтіріп, кейін олардың құжаттарын, банк карталары мен жеке заттарын иемденіп, пайдаланған. Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры Мирас Бауыржанов бұл қылмыстың алдын ала жоспарланғанын айтты. Марқұмдардың туыстары да прокурордың ұстанымын қолдап, соттан әділ жаза тағайындауды сұрады. Айыпталушы кез келген жазаға дайын екенін айтып, соттан үкім шығарарда істің салдарын ғана емес, оған түрткі болған себептерді де ескеруді өтінді. Сондай-ақ Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты «аса ауыр қылмысты жасырды» деген күдік расталмады. Тергеу барысында оның кінәсі дәлелденбегендіктен, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
МИРАС БАУЫРЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
— Сотталушы алғашқы қылмысын жасағаннан кейін өз әрекетін тоқтатпаған. Керісінше өзінің жасаған қылмыстарының әшкере болмауына жол бермеу мақсатында жаңа қылмыстарды, әрекеттерді жалғастырған. Бұл – эмоцияның жетегінде жасалған бір реттік әрекет емес, саналы түрде жүзеге асырылған бірізді қылмыстық жоспар.
АСАН ЖҰМАБАЕВ, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ АДВОКАТЫ:
— Оның бойында жиналған ашу-ызаның шегіне жетіп, ұзақ уақыт бойы созылмалы стреспен психоэмоционалды қысымда болып, жарылыс беріп, сол сәтте өз әрекеттеріне толық есеп бере алмайтын қатты жан күйзелісі жағдайында болғанын, ғылыми тілде айтқанда, кумулятивный аффект, яғни ұзақ уақыт жиналған ызадан туған аффект белгілері деп қарауға болады.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.