Қапшағайда шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кеткен

Қапшағай су қоймасында биылғы шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кетті. Соңғы қайғылы оқиға кезінде екі жас көз жұмған. Олар белгіленбеген жерде суға түскен көрінеді. Ал былтыр жасанды көлде 10 адам суға батып кеткен. Осындай келеңсіздік қайталанбау үшін «Қауіпсіз жағалау» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Рейд кезінде жүзден астам заңбұзушылық анықталды. Мамандардың айтуынша, ішімдік ішіп суға түсу, белгіленбеген орында және түнде шомылу дерегі азаймай тұр. Жалпы, Қапшағай жағасында 6 коммуналдық, 140 жеке демалыс орны бар. Қазір қалалық жағажайларға жасанды интеллект арқылы басқарылатын бейнекамералар орнатыла бастады.
ДІНМҰХАММЕД ЖҮНІСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ АҒА ОФИЦЕРІ:
— Қапшағай су қоймасының жағажайында 21 бейнакамера орнатылған. Олар қазір біздің полиция департаментінің жедел бақылау орталығына жүргізілген, трансляцияланған. Қазіргі таңда біздің ТЖД жедел басқару орталығымен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Бұл камералар тепловизормен жабдықталған. Яғни, түндегі шомылу фактілерін анықтауға және суда бату фактілерін анықтауға үлкен үлесін қосуда.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал