Қазақстанда жазғы демалыс қанша тұрады?

Қазір жазғы демалыс маусымы қызған шақ. Осыған байланысты Қазақстандағы демалыс бағасына сұраныс та артып отыр. Елімізде екі адамға арналған демалыстың орташа құны – тәулігіне 20 мың теңге, ал бір апталық демалыс шамамен – 140 мың теңге. Бұл сомаға тамақтану мен ойын-сауық шығындары кірмейді. Туризм министрлігінің мәліметінше, демалыс орындарындағы бағаны мемлекет реттемейді, қызмет құнын әр кәсіпкер өзі белгілейді. Мысалы Алакөлде маусым айында демалыс құны тәулігіне 8-13 мың теңге болған. Бұл бағаға тұру, күніне үш мезгіл тамақ және негізгі қажетті қызметтер кіреді. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанға 10,1 миллион турист саяхаттаған. Оның 7,8 миллионы – қазақстандықтар.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал