Асқар Иманалиев «Байтақ» партиясының төрағасын қайта сайлауды талап етті

«Байтақ» партиясының съезінде дау туды. Делегат мүшесі Асқар Иманалиев партия төрағасын қайта сайлауды талап етіп отыр. Ол саяси ұйымның жұмысына көңілі толмайтынын айтып, басшылықты сынға алды. Алайда өзге делегаттар оның әрекетін арандату деп бағалап, қарсылық білдірген. Айта кетейік, съезд басталар алдында бір топ адам жиын өтетін орынға кіре алмай, сыртта наразылық білдірген. Жиында сондай-ақ, аталған партия Құрылтай сайлауына ұсынылатын кандидаттар тізімін де жариялады.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Біз барынша қоғамды ойлауымыз керек. Мемлекетімізді ойлауымыз керек. Тек қалтамыз бен өз қарнымызды ойласақ, ұзаққа бармаймыз. Сол себептен мен партия құруға барлық күшімді салдым.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал