Отандық медицинадағы жасанды интеллектіні дамытуға арналған MedHub HAQ платформасы іске қосылды

Астанада дәрігерлерді, емханаларды, жоғары оқу орындары мен IT-мамандарды біріктіретін MedHub HAQ платформасы іске қосылды. Бұл – отандық медицинадағы жасанды интеллектіні дамытуға арналған алғашқы экожүйе. Жобаның негізгі мақсаты – медициналық деректермен қауіпсіз жұмыс істеу. Дәл осы деректердің негізінде жасанды интеллект алгоритмдері жетілдіріліп, болашақта дәрігерлерге ауруларды ерте анықтауға және клиникалық шешім қабылдауға көмектеспек. Бұған дейін ауруханалар, ғалымдар мен әзірлеушілер өз алдына жеке жұмыс істегендіктен, көптеген перспективалы жоба тәжірибеге енгізілмей келген. Жаңа платформа деректерді дайындаудан бастап, AI-модельдерді сынақтан өткізу мен оларды медициналық тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық үдерісті бір жүйеге біріктіреді.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал