Тараз маңында түнде жер сілкінді. Ұлттық дерек орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 00:59-да тіркелген. Магнитудасы 4,5 болған жер сілкінісінің ошағы Тараздан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте орналасқан. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, облыс аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.