Қазақстан ғаламдық газ картасына енді. 2025 жылы еліміз газ өндіру бойынша әлемде 20-орынға тұрақтаса, тұтынудан 36-орынға табан тіреген. Energy Institute дерегінше, Қазақстан халықаралық статистикада 38 млрд текше метрге жуық газ өндіріп, 24 млрд текше метр табиғи отын тұтынған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр АҚШ 1 073 млрд текше метр газ өндіріп көш бастаса, Ресей 609 млрд текше метр көгілдір отын өндіріп, екінші орынды иеленген. Үздік үштікті Иран түйіндеді. Бұл ел шамамен 265 млрд текше метр газ өндірген. Тағы бір маңызды мәселе – елді газдандыру деңгейі. Биылғы жылдың басында Қазақстанда табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізген болса, газдандыру деңгейі – 64,2%. Ендігі меже бұл санды 80 пайызға жеткізу. «Осы арада басты мақсат – өндіру көлемін арттыру ғана емес, шикі газды халық тұтынатын тауарлық ресурсқа айналдыру», — дейді сарапшылар.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.