Астана іргесінде қоқыс полигоны жанып жатыр | 10.07.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЛАЯҚТЫҚ ТОП
Елордада ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа нүкте қойылды. Алаяқтар адамдарды алдап, 96 көлікті заңсыз жолмен иемденген. Оның сыртында іс жүзінде жоқ 47 көлікке несие рәсімдеген. Осылайша 2млрд-қа жуық теңгедей шығын келтірген.

ЖЕР СІЛКІНДІ
Тараздан 65 шақырым жерде қуаты 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметінше, дүмпу ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ. Ешбір ғимаратқа зақым келмеген.

ҚОҢЫЗ ҚАПТАДЫ
Ақтөбе тұрғындары қалада қоңыз қаптады деп дабыл қақты. Жәндіктің қайдан келгені белгісіз. Бұған алаңдаған азаматтар әкімдік алдына жиналып мән-жайды сұрады. Жергілікті билік қоңызға қарсы не істеп жатыр?

ШІЛДЕНІҢ ШІЛІҢГІР ЫСТЫҒЫ
Шілденің шіліңгір ыстығы Шымкент жұртының кенезесін кептірді. Шаһарда аптап орнап, 38 градусқа жетті. Қала билігі жолдарға көлікпен су шашып, ыстықтың табын басуда. Кей тұрғындар көлеңкеден сая іздесе, енді білеулері су жағалауда.

ШАЛА ТУҒАН БАЛА
Шала туған нәрестеге көмек. Астаналық волонтерлер уақытынан бұрын дүниеге келген шақалақтардың жетілуіне жәрдемдесу үшін арнайы тоқу орталығын ашты. Олар сәбилерге жылы тымақ, байпақ және қолғап тоқиды.
———————————————