Иран Ормуз бұғазын қайтадан жапты

Иран бұғазды қайтадан жапты. Дәлірек айтқанда, қазір бұғаз арқылы бірде-бір кеме өткізілмей жатыр. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің қайта ушығуы себеп. Осыған байланысты Air Astana Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты. Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай әлемдік мұнай бағасының құбылуына әсер етуі мүмкін. Қазір екі тарап та өздерін жеңімпаз ретінде көрсетіп, ешқайсысы ымыраға келуге дайын емес. Негізі тараптар келіссөз үстеліне отыруы тиіс еді. Алайда бұл әрекет әзірге нәтиже берген жоқ. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан үшін өңірдегі тұрақтылықтың сақталғаны маңызды. Себебі дәл осы бұғаз маңындағы мемлекеттермен, атап айтқанда, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Бахрейнмен сауда-экономикалық байланысымыз нығайып келеді. Сонымен қатар бұл елдер – Қазақстанға қомақты инвестиция құйып отырған негізгі серіктестің бірі. Сондықтан өңірдегі тұрақсыздықтың үдеуі бізге де аса тиімді емес. Мамандардың айтуынша, егер Иран АҚШ пен Израиль ұсынған талаптарға қатысты ортақ мәмілеге келіп, араағайындық жасап отырған Пәкістанның бастамаларын қолдаса, өңірдегі жағдай тұрақталуы мүмкін. Дегенмен бұл шиеленістің қанша уақытқа созылатыны ешкім дөп басып айта алмайды.
САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
— Осындай тұрақсыздық болған кезде, әрине, инвестициялар тұралы әңгіме болуы қиын, бірақ мұнай бағасының өскені һ бюджетімізге аз болса пайдасын тигізеді.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал