Еуропада ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды

Табиғи апат әлемнің әр түкпірінде адам өміріне қауіп төндіріп, ауыр зардабын тигізді. Бангладештегі су тасқыны, Бангкоктағы өрт және Еуропадағы аптап ыстық салдарынан адам шығыны тіркелді.
Бангладештің оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығысындағы жеті ауданды су басып, 51 адам қаза тапты. Тағы қырыққа жуығы жарақаттанған. Толассыз жауған нөсер, өзендегі су көтеріліп, лай көшкен. Елдегі 1 миллионнан астам тұрғынның жағдайы қиын. Барар жер, басар тауы қалмаған. Чаттограм өңірінде нөсер жауыннан су тасып, көршілес ауданға да тараған.
Ал Тайланд астанасы Бангкокты алапат өрт жайлады. Қарапайым бар ғимаратынан шыққан жалыннан 27 адам қаза тапқан. Алпыстан астамы жарақаттанған, жиырма екісінің жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болған. Алаулаған от ғимарат ішіндегі адамның сыртқа шығуына кедергі келтірген. Құтқарушылар өртті жарты сағаттың ішінде сөндіргенімен, көпшілігі түтінге уланып көз жұмды.
Еуропада ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың дені егде кісілер. Аптаптан Франция, Бельгия, Германия, Англия және Уэльс тұрғындары қатты зардап шекті. Мұндай ауа райы қарттарға және созылмалы ауруы бар науқас үшін қауіпті екенін ескертеді.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал