Астана, Алматы және Шымкентте күн қатты ысиды

Осы аптада еліміздің солтүстік аймақтарында аптап ыстықтың беті қайта бастайды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ аралас жаңбыр жауады деген болжам бар. Сондай-ақ екпінді жел соғып, ауа температурасы біршама төмендемек. Ал еліміздің оңтүстігі мен шығыс өңірлерінде керісінше аптап ыстық сақталады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн қатты ысиды. Елордада күндіз жаңбыр жауып, ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
АФРОДИТА ПІРІМЖАР, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
— Еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарын ыстық ауа райы күтеді. Қазақстанның оңтүстік шығыс аймақтарына Өзбекстан аумағынан құрғақ ауа массаларының келуі жалғасып, жауын-шашынсыз ыстық ауа райын қалыптастырады. Күндізге уақытта термометрдің бағандары еліміздің оңтүстігінде 40-45 градус, шығыста 33-38 градус ыстыққа дейін көтеріледі.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал