Астана маңында әпкелі-сіңлілі екі қыз көлікпен бірге суға батып кетті

Елорда маңында қайғылы жағдай болды. Әпкелі-сіңлілі екі қыз көлікпен бірге суға батып, көз жұмды. Отбасы жасанды су қоймасының жағасына демалуға барған. 8 және 12 жастағы екі қыз бала отырған көлік кенет қозғалып, суға қарай сырғыған. Әкесі құтқаруға ұмтылғанымен көліктің есігі аша алмаған. Терезесі де сынбаған. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, көлікті және екі баланың денесін судан шығарды. Жалпы шомылу маусымы басталғалы өңірде 17 адам суға кетіп, көз жұмды. Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғаға қауіпсіздік талаптарын сақтамау, ішімдік ішу және шомылуға арналмаған жерде суға түсу себеп болады.
ЕРСАИН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Өткен демалыс күндері Ақмола облысындағы су айдындарында бес адам қаза тапты. Оның бірі суға батып көз жұмса, қалған төртеуі жазатайым оқиғалардың құрбаны болды. Қаза тапқандардың үшеуі, өкінішке қарай, кәмелетке толмаған балалар. Оқиғалар Көкшетау қаласындағы Қопа көлінде, сондай-ақ Астрахан және Аршалы аудандарында тіркелді.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал