Жамбыл облысында жанармайды заңсыз алып шыққандар жауапқа тартылып жатыр

Жамбыл облысында жанар-жағармайды өңірден заңсыз алып шыққан жүргізушілер жауапкершілікке тартылып жатыр. Тәртіп бұзушылар көліктің багын қайта жабдықтап, үлкейтіп алады. «Өйткені біздің жанармай көрші елмен салыстырғанда 100 теңгеге арзан», — дейді мамандар. Полиция заңсыз тасымалмен айналысатын жүргізушілерді Меркі, Қордай және Жамбыл ауданындағы шекаралық бекеттерде анықтап жатыр. Осындай заңбұзушылық үшін жүргізуші шекара бекетінде екінші рет ұсталса 65 мың теңге, ал үшінші рет анықталса 86 500 теңге айыппұл арқалайды. Оның сыртында көлігінің мемлекеттік нөмірі тәркіленеді.
АЗИЗЖОН ПАЙЗИЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ПБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
— Мұндай заңбұзушылық анықталса, полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырады. Алғаш рет жасағандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады, қайталанса айыппұл 20 АЕК-ке дейін өседі. Жыл басынан бері Жамбыл ауданында осындай 58 жағдай тіркелген.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал