Ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді. Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Сондай-ақ ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.