Өскеменде қайтарылған актив есебінен салынып жатқан көпсалалы гематология орталығының құрылысы биыл аяқталады. Орталықта 148 орындық стационар және ем қабылдаушыларға арналған қонақүй бар. Ауқымды құрылысқа шамамен 34 млрд теңге бөлінді. Жаңа медициналық кешенде сүйек кемігін трансплантациялау бойынша күрделі операциялар жасалып, науқастар жан-жақты тексеруден өтеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы клиникада жұмыс істейтін мамандарды даярлап жатыр. Риддер қаласында дәл осындай көпсалалы жаңа аурухана жұмыс істеп тұр. Ол да Арнайы мемлекеттік қордың қаржысына салынған. Медициналық мекеменің құрылысына 28 млрд теңге жұмсалды.
АЙНАШ ҚАПАНОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жаңа көпсалалы медициналық орталыққа мамандар облыстық және №4 қалалық ауруханадан тартылады. Орталық кардиология, кардиохирургия және соматикалық аурулар бағытында қызмет көрсетеді.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.