БҚО-да қоқыс полигондарының көбі талапқа сай емес

Батыс Қазақстан облысы аумағында 147 қатты тұрмыстық қалдық полигоны бар. Соның 27-сі ғана талапқа сай. Қазір тұрғындарды мазалайтыны – 1975 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Орал қалалық полигоны. Арнайы орын бүгінде өзінің пайдалану мерзімін толық атқарған. 130 мың тоннадан асатын қалдық жиналған. Оны жабу және қалпына келтіру аталған 7 жобаға енгізілген. Қалалық әкімдік жаңа құрылысқа жобалау сметалық құжатты дайындаған. Бірақ заманауи кешеннің құрылысын бастауға қажет қаражатты қазынаның қалтасы көтермей тұр.
ФАРИЗА СҰЛТАШЕВА, ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Бағасы 20 млрд теңгеге шығып тұр. Мұндай қаражат бюджетке ауыр салмақ салатындықтан, жобаны қайта қарастыруды ойластырып жатырмыз.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал