Ақтөбеде лагердегі балаларға «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы таныстырылды

Ақтөбеде «Campit» лагерінің балаларына «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы таныстырылды. 14-15 жастағы жасөспірімге «Таза орта – сапалы өмір» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар қоршаған ортаға қатысты қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Табиғатты аялау әр азаматтың міндеті екенін жақсы түсінетінін көрсетті. Бүгінде Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясына 300 мыңнан астам адам қатысты. 105 мыңдай аула тазартылып, өзен-көл жағалаулары қоқыстан аршылды. Сонымен қатар саябақ пен гүлзар салынып, қайта жаңғыртылып жатыр.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал