Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
РЕЙС ТОҚТАДЫ
Таяу Шығыстағы шиеленіс. Ормуз бұғазында тағы да оқ атылды. Салдарынан Дубайға рейс уақытша доғарылып, мұнай қайта шарықтады. АҚШ пен Иран арасындағы текетірес қашан тоқтайды? Сарапшы пікірін ұсынамыз.
НҰРАЙ ІСІ
Әділдік күткен іс сотта қаралады. Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Енді тараптардың уәжі тыңдалып, істің мән-жайына құқықтық баға беріледі.
БЕНЗИН ТАСИДЫ
Қазақ-қырғыз шекарасында бензин саудасы қызып тұр. Алыпсатарлар артық жанармай тасу үшін багын үлкейтіп, шала байып жатыр. Жамбыл облысының тәртіп сақшылары елден көлік отынын таситындарды бір-бірлеп ұстай бастады.
БҰРШАҚ ЖАУАДЫ
Нөсер жауын. Найзағай. Бұршақ. Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер алдағы күндері бірқатар аймақта ауа райы құбылмалы болатынын ескертеді. «Бірақ бүгін-ертең аптап ыстықтың беті қайтпайды», — дейді.
«BAIQYMYZ» — 2026
56 тонна қымыз және мыңдаған қонақ. Астанада «Baiqymyz» гастрофестивалі аяқталды. Бал қымыздан бесті қымызға дейін ұсынған шарада ұлттық сусынның үздіктері анықталды. Арнамыздың тілшісі түйені тақымдап, асау қымыздың дәмін атты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.